Жаңалықтар

Бас мүфти министрмен Съезд жұмысы жайлы сұхбаттасты

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мүфтияттың Астанадағы Бас кеңсесінде болды. Қайрат Құдайбергенұлы Бас мүфти Серікбай қажы Оразбен Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне қатысты әзірлік жұмыстары жайлы сұхбаттасты.

Айта кетейік, кезекті Съезд «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем жолында» тақырыбымен 2018 жылы 10-11 қазанда Астанада өтеді. Қазірдің өзінде 74 делегат Сьезге қатысатындарын растаған.

VI Съезд аясында Бейбітшілік пен келісім мұражайының ашылуы және «Астана – бейбітшілік дауысы» халықаралық фестивалі өтеді деп күтілуде.

 

Show More

Басқа жаңалықтар

Close