Басты тақырыпЖаңалықтарИслам және ғылым

Бас мүфти: Білім мен хикмет мұсылмандардың жоғалтқан қазынасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысына жасаған сапары аясында Мұғалжар аудандық мешіттің жамағатымен жүздесті.

Уағыз айту барысында Бас мүфти: «Білім – баға жетпес олжа, үлкен қару. Білімсіз өркениет жоқ. Бүгінгі таңда күш те, қуат та – білім мен бірлікте. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Білім мен хикмет мұсылмандардың жоғалтқан қазынасы, қай жерден тапса да иемденіп алсын», – деген. Оқу орындарында оқып жүрген ұл-қыздарымыз, бауырларымыз ел-жұртқа пайда әкелер білім ізденсе, жаһанның ең озық технологияларын үйреніп, оны өзгеге үйретсе – елге қосқан үлес осы болмақ», — деді.

Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы елдің игілігі үшін дұға жасады.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close