Жаңалықтар

Бас мүфти батыр анаға пəтер кілтін табыстады

Астана. 9 қараша. KAZISLAM –  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына жасаған іс-сапары аясында Тараз қаласында күміс, алтын алқа иесі, жалғызбасты, сегіз баланың анасы Айгүл Əмірееваға пəтер кілтін табыстады.

«Құтты қоныс болсын. Алла Тағала осы шаңырақтың ішін жақсылық пен берекеге толтырғай» деп дұға жасады Бас мүфти.

 Батыр ана жомарт жандарға алғысы мен жүрекжарды тілегін жеткізді.

Айта кетейік, жаңа пəтер «Зекет» қорының ұйытқы болуымен, демеуші азаматтардың қолдауымен сатып алынған.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close