Жаңалықтар

АҚШ: «Халифат құлады»

Астана. 27 шілде. KAZISLAM – Өздерін халифат деп жариялаған ДАИШ халықаралық террористік ұйымы құлады, алайда терроризмге қарсы күрес жалғасады. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінде діни сенім еркіндігі мәселелері жөніндегі халықаралық министрлер кездесуінде АҚШ вице-президенті Майк Пенс мәлімдеді, деп жазады  islam-today.

«ДАИШ содырлары жан-жаққа қашып жатыр, халифат құлады. Мен осыны қуана хабарлаймын және ДАИШ жер бетінен түгел жойылғанша жұмысты тоқтатпауға уәде беремін» дейді америка министрі.

Еске сала кетсек, ДАИШ террористік ұйымы 2014 жылы Сирия мен Ирак территорияларының басым бөлігін жаулап алды. Сол уақыттан бері АҚШ пен одақтас мемлекеттер террористерге қарсы операцияларын Сирия билігінің келісімінсіз жүргізіп келеді.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close