Жаңалықтар

АҚШ ертең Түркияға соғыс ұшағын табыс етпек

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігі (Пентагон) 2 дана F-35 ұшағының бейсенбі күні Техас штатына қарасты «Fort Worth» қаласында ұйымдастырылатын рәсіммен Түркияға табыс етілетінін жариялады.

Пентагон мәлімдемешісі Майк Андревс 21 маусым күні «Fort Worth»-та Түркия үшін бір ашылу рәсімі өткізілетінін және ұшақтардың алғашқы сатыда Аризонадағы «Luke» әуе күштері базасына өткізілетінін, түрік F-35 ұшқыштары мен техникалық қызмет тобының таяуда ұшу жаттығуларын бастайтынын атап көрсетті.

Қорғаныс министрлігінің Сенаттың Түркияға F-35 соғыс ұшағы саудасын тоқтату жөніндегі шешімі жайлы пайым жасамайтынын атап көрсеткен Андревс «Түркия НАТО-ның ең маңызды одақтастарының бірі және 2002 жылынан бері F-35 бағдарламасының халықаралық қатысушыларынан» деді.

АҚШ сенаты қабылдаған шешімнің іске қосылуы үшін Өкілдер Мәжілісінен өтіп, президент Дональд Трамп тарапынан бекітілуі керек.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close