Новости

Ақтөбе: Облыс әкімі мешіттегі терминал арқылы садақа жасады

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітін зиярат етті. Өңір басшысы мешітке жуырда орнатылған садақа терминалының жұмысымен танысты. Бұл туралы  мешіттің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, аймақ басшысы терминал арқылы мешітке садақа салып, жариялылық пен жеделділікті қамтамасыз ететін игі бастамаға сәттілік тіледі. Қазіргі таңда бас мүфти бастамасымен қолға алынған игі шара еліміздегі ірі мешіттерде іске асып жатыр.

Бұл мешіт қаржысының ашықтығын қамтамасыз етеді. Аударым үшін комиссия алынбайды. Қаражат тікелей мешіттің есеп-шотына түседі. Сондай-ақ, түбіртек беріледі. Аппаратпен басқа да төлемдерді де жүзеге асыруға болады, мысалы телефон байланысына қаражат аудару, т.б. 

 

 

 

 

Далее

Басқа жаңалықтар

Close