Жаңалықтар

Мьянма премьері азаматтықтан айырылды

Астана. 4 қазан. KAZISLAM –  Канада парламенті бирмандық саясаткер және Нобел сыйлығының иегері Аунг Сан Су Чжиді өз елінде рохинжалықтарға зорлық-зомбылық көрсетуге жол бергені үшін азаматтығынан айыру туралы шешім қабылдады, деп жазады Ansar.ru.

Еске салсақ, бұған дейін Канада премьер-министрі Джастин Трюдо рохинжалық қауымға қысым жасалуына байланысты Мьянма премьер-министрінің бұған дейін берілген Канада азаматтығы жойылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Таяуда ғана БҰҰ оқиғаларды анықтау жөніндегі миссиясы Мьянма елінде этнодіни азшылық қауымға үкіметтік әскер тарапынан аяусыз зорлық-зомбылық жасалғанын растады.

Канада сенаты Су Чжиді 2007 жылы берілген марапаты мен азаматтығынан айру ұсынысына бірауыздан дауыс берді. Өткен аптада Канада парламентінің төменгі палатасы да осы шешімді қолдады.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close