Басты тақырыпЖаңалықтар

Астанада діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріне арналған конференция өтті

Астана қаласында 2018 жылғы 20 қыркүйекте «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелерінде қоғамдық институттардың рөлі» республикалық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты – діни экстремизм мен терроризмге және оның қауіп-қатеріне үкіметтік емес ұйымдардың, соның ішінде қоғамның назарын аудару, сондай-ақ олардың Қазақстанда таратылуын алдын алу.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министрі Берік Сақбайұлы Арын құттықтау сөзбен ашып, дін саласында орын алып отырған өзгерістерден туындайтын қауіп-қатерлер бізден сәйкесінше әрекет етуді және тиісті шараларды қабылдауды талап ететіндігін атап өтті. Біздің басты құндылығымыз – еліміздің тұрақтылығы мен бейбіт өмірі – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы азаматтық қоғам институттарымен бірлескен тиімді жұмысымыздың мызғымас іргетасы болып табылады.

Жалпы конференцияға 120-дан астам адам қатысты, олардың ішінде мүдделі мемлекеттік органдар, деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен тұлғалармен алдын алу және оңалту саласында қызмет ететін үкіметтік емес ұйымдар,  мәдениет және спорт саласындағы қоғамдық, жастар ұйымдарының және жоғары оқу орындарының өкілдері және т.б. бар.

Шараның маңыздылығын ескере отырып, спикерлер ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары және басқалар шақырылды.

Оңалту жұмыстарының теологиялық және психологиялық аспектілері конференция барысында беделді  теологтар және діни бірлестіктердің өкілдерінің, оның ішінде Б.Есмахановтың, Д.Байдектің, А.Шауметовтің баяндамаларында қозғалды.

Конференция кезінде азаматтардың, оның ішінде жастардың, сондай-ақ спорт өкілдерінің деструктивті діни ағымдарға тартылу себептері мен механизмдері мәселелері қарастырылып, жалған діни ағымдардың сипаттамалары және т.б. мәселелер қозғалды.

Оңалту және кеңес беру орталықтарының өкілдері деструктивті діни ағымдардың ұстанушыларымен алдын алу жұмыстарындағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Жалпы, конференция конструктивтік рухта өткізілді, түрлі қоғамдық институттар өкілдері халық арасында, оның ішінде жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуына бағытталған жұмыстарды жақсарту бойынша өздерінің ұсыныстарын жеткізді және тәжірибелерімен бөлісті.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close