Cіз білесіз бе?

Аспан есіктерін ашатын зікірді білесіз бе?

Хазіреті Ибн Омар (р.а.) былай дейді:

«Біз Пайғамбарымызбен (с.а.у.) бірге намаз оқып тұрғанымызда жамағаттан біреу:

«Аллаһу әкбару кәбира, уәлхамдулилләһи кәсира, субхәнАллаһи букратәу уә әсыйлә» (Мағынасы: «Ұлықтардан Аллаһ ұлық, Аллаға көптеген мадақ-мақтауымыз болсын, таңнан кешке дейін Алланы кемшіліктен пәктейміз»), ­– деді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Бұл сөздерді кім айтты?» – деп айтты. Сөздің иесі:

«Мен айттым, уа Алланың елшісі!» – деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) да:

«Қандай керемет сөздер! Бұл сөздер үшін аспан есіктері ашылды!» – деді.

Ибн Омар:

«Бұл зікірді естіген күннен бері аузымнан тастамадым», – дейді.

Нәсаи бір риуаятында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сөзіне жалғас ретінде: «Он екі періштенің бұл сөздерді аспанға көтеруде таласқандарын көрдім», – дегенді қосады.

Хадисте баяндалғандай, «аспан есіктерінің ашылуы» – бұл зікірдің Алла Тағаланың құзырында қабыл болғандығына дәлел.

Сұлтан КЕРІМ

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close