Жаңалықтар

Арабтар артық салмақтан арыла алмай жүр

Астана. 9 қараша. KAZISLAM – Біріккен араб әмірлігі халқының 60%-дан астамы артық салмақтан зардап шегіп жүр. Бұл туралы Oman Insurance Company зерттеуінде жарияланды.

Тәжірибелік зерттеу жұмысына 3 мыңнан аса әмірлік тұрғыны қатысқан. Құжатта әйелдерге қарағанда ер азаматтар артық салмақ жиғаны жазылған. БАӘ-дегі «толықтардың» ұлттық сипатына келер болсақ, олардың 70%-ы – пәкістандықтар, онан соң үндістандықтар мен филиппиндіктер тұр.

Айта кету керек, сауалнамаға қатысқан үш мың респонденттің 43%-ы өздерінің сыртқы болмысы мен денсаулықтарына көңілдері толатынын айтқан. Дәл осы жағдай сарапшылар үшін күтпеген жағдай болған.

Семіздік бүгінде БАӘ үшін ке таралған мәселелердің бірі саналады. Болжам бойынша 2025 жылы семіздік салдарынан 20 жасқа дейінгі тұрғындардың 15%-дан астамы зардап шегетін болады.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close