Ислам және қоғам

Аборттың үкімі

Адам өмірінің қауіпсіздігі – шариғаттың басты негіздерінің бірі. Ислам шарты бойынша адамның өмір сүру құқығы Алла тарапынан ана құрсағынан бастап беріледі. Ол құқығынан ешкім, тіпті, ата-анасының да айыруға қақылары жоқ. Өйткені іштегі бала өмір сүру құқығын әке-шешеден емес, тікелей Алла тағаладан алады. Ата-ананың бала көтерудің алдын алуларына рұқсат. Бірақ көтеріп қойғаннан кейін іштегі баланың дүниеге келуіне кедергі болу жазаға лайықты.

Құранда баланы алдырып тастау жайында ашық үкім берілмегенімен, кейбір аят және хадистер іштегі баланың дүниеге келуіне себепсіз кедергі жасаудың харам екендігін білдіреді. Құранда балаларды кедейліктен қорқып өлтірмеу бұйырылған.

«Әрі таршылықтан қорқып балаларыңды өлтірмеңдер! Біз сендерге де, оларға да ризық береміз»т (Әнғам, 151).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да іштегі баланы алдыртуды үлкен күнә деп санаған. Сондықтан да денсаулығының нашарлығы немесе өміріне қауіп төну сияқты мәжбүрліктен тыс іштегі баланы түсіру немесе алдырып тастау шариғат заңы бойынша күнә іс деп есептеледі.

Ана құрсағындағы баланың ағзалары әлі білінбей, тек ұйыған қан түрінде болған болса, өте қажет жағдайда ғана алдыруға рұқсат.

Ал ағзалары білініп қалған нәрестені түсіру мақсатында қолдануға рұқсат жоқ. Ал, құрсақтағы ұйыған қан түрін дәрі арқылы не басқа да тәсілмен түсіру жайында Ислам ғалымдарының көзқарастары әр түрлі. Қанның 1,5-2 айлық уақытындағы ұйыған қан кезінде түсіру ханафи мен кейбір шафиғи мәзһабындағы ғалымдардың пікірі  бойынша рұқсат. Алайда ханафи мәзһабының өз ішінде қалыптасқан көзқарас бойынша 1,5-2 айлық уақытындағы ұйыған қан кезінде де себепсіз алуға рұқсат жоқ. Бұрынға қалымдарымыз осылайша белгілі уақыт қойғанда хадистерге сүйенген. Өйткені кейбір хадистерде 120 күннен кейін балаға жан беріледі десе, басқа бір хадисте 40 күннен кейін беріледі делінген. Алайда іштегі балаға қанша уақыттан кейін жан бітетінін білу үшін медицина ғылымына сүйену дұрысырақ.

Жоғарыдағы үкімнің негізі іштегі жан біткен баланың өмірін сақтап қалу. Ал, енді, жан қай уақтта беріле бастаса, сол кезден бастап оны алдыру харам. Дұрысын Алла біледі.\

 

ҚМДБ «Ел болам десең, бесігіңді түзе» кітабынан

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close